Қоғам

Мүгедектер клубы ашылды

 

Мүгедектер үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы керек. Осы тұрғыда қаламызда алғаш рет “Мүгедектер клубы” құрылды. Оның құрамына қазірдің өзінде 50 адам кірген. Әлі де қатарлары толыға түспек. Ұйымдастырушылар жобаның көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін шешуді көздепті.

 

Владислав Демьянов, облыстық “Қамқор” ҚБ төрағасы:

-Мүгедектердің өміріне қоғам бей-жай қарамайды. Тұсауы кесілген клуб ай сайын бір рет мүгедектердің басын қоспақ. Осы арқылы біз қоғамның әлжуаз тобын жұмыспен қамту, білім алу, қоғамдық өмірге тартуды көздеп отырмыз. Алда театрландырылған мүгедектер студиясын ашу жоспарда бар.

 

Өз кезегінде мүгедек жандар да бұл бастаманы бірауыздан қолдап, қуаныштарын білдіріп жатыр. Сәлімхан Сәбитов қамқорлық клубының көмегімен жұмысқа тұрып, мүгедектерді толғандырып жүрген күрмеулі мәселені бірігіп шешуді қолға аламыз – деп отыр.

Жалпы облысымызда 29 мыңнан астам мүгедек жан бар болса, 11 мыңнан астамы Петропавлда тұрады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке тарту мақсатында биыл 2 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткен. Нәтижесінде 800-і жұмысқа тұруға шақырту алыпты. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, бастысы әр адам мүгедектердің жағдайына салғырт қарамай, қоғам болып қол ұшын бергені абзал.

 

Бақыт Сәдуақасов