Билік

Облыс әкімі Самат Ескендіров қаладағы жолдардың жағдайын көрді

 

Осыдан біраз уақыт бұрын өңір жетекшісі қала көшелерін аралап, бірқатар жолдардың жағдайы нашар екендігіне көз жеткізген болатын. Еріген қар суынан ол жерден көлік түгіл, жаяу жүру мүмкін емес еді. Сол кезде өңір басшысы бірқатар мекемелерге жолдарды жөнге келтіру жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Өзінің осы жолғы сапарында облыс әкімі Самат Ескендіров ең алдымен сол көшелерді аралады. Маяковский, Попов, Театр және С.Мұқанов көшелеріндегі кей участоктарға қазіргі күні қиыршық тас төселген.

Сонымен қатар өңір жетекшісі Свободная, Ізтөлин және Аяған Шәжімбаев көшелерінде атқарылған жұмыстармен танысты. Қазірдің өзінде көпшілігіне қиыршық тас төселіп, ауыр техника жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі Жамбыл Жабаев қысқа көшесінде де болды.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

– Әсіресе, Капай шағын ауданында тұрғындардың жол мәселесін тиісті мекемелерге көрсеттік. Бүгіннің өзінде асфальт төсемесек те, тас жол салдық.

 

Облыс әкімі осы қысқа көшедегі жартылай салынбай қалған нысандарға да көңіл аударды. Алдағы уақытта оны баспана етіп көтеру көзделген.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

– Капайда тұрғын үйлер салуды көздеп оытрмыз. Инженерлі- коммуникациялық жүйелерді қалыпқа келтіру қолға алынады.

 

Жалпы қала тазалығы мен жолдар мәселесі өңір басшысының қатаң бақылауында болмақ.

 

Мағжан Ахмадина