Денсаулық сақтау

Бес мыңдай солтүстікқазақстандық түрлі ауруларға қарсы егіледі

 

Елімізде жаппай иммундау апталығы бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша 2006 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Өңірімізде ол науқан сәуірдің 22 -26 аралығында өткізілмек. Оның барысында 5 мыңға жуық солтүстікқазақстандық екпе қабылдайтындығы айтылды облыс дәрігерлерінің басы қосылған семинар барысында.

 

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы:

-Екпе жұмыстары іш аурулары, қызылша, сіреспе, полиомиелит секілді сырқаттардың алдын алуға бағытталған. Ол 26,36,46,56 жастағы өңір тұрғындары арасында жүргізілмек. Себебі осы жастағылар сырқаттың бұл түріне шалынғыш болап келеді. Әзірге жағдай қалыпты. Айдың соңына дейін шамамен 2500 мыңға жуық адам вакцина қабылдайды деп жоспарлап отырмыз.

 

Иммундау жұмыстарын жүргізу барысында халықтың аз қамтылған тобына ерекше назар аударылмақ. Мәселен тұрақты мекен жайы жоқ адамдарды бейімдеу орталығында 80 қаңғыбасқа екпе жүргізілмек. №3 қалалық емханада осы топқа кіретін 100-ден астам тұрғын бар.

 

Әбубәкір Омаралиев, №3 қалалық емхананың дәрігері:

-Апталық барысында емханаға келген халықпен жүздесіп оларға екпе жұмыстарының тиімділігі жайында ақыл-кеңес береміз. Өз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын әр адам өзіне аталмыш вакцинаны қойдыруы керек. Ол іш ауруы, сіреспе секілді жұқпалы сырқаттардың алдын алу үшін қажет.

 

Екпе жұмыстары ақысыз, яғни тегін жүргізіледі. Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент мамандары жұқпалы ауруларға қарсы қойылатын вакцияна өңір тұрғындарына жеткілікті түрде алынды дейді.

 

Самат Есмағи