Әр түрлі

Аттракциондардың жарамдылығы сыналды

 

Мына шолу сақинасы өткен жылдың қыркүйек айында ғана орнатылған. Қазір мамандар оның техникалық жарамдылығын тексеруде. 27 метрлік қондырғыдан қала алақандағыдай болып, тегіс көрінеді. Бір айналымы 7,5 минутқа жалғасатын құрылғы қауіпсіз болу үшін кәсіпорын қызметкерлері әрбір кабинаға 40 келілік құм толтырылған 8 қапшық салып, 4 сағат айналдырды.

 

Александр Козлов, «Мир аттракционов» ЖШС директоры:

-Біз қыстан кейін жылда барлық аттракциондарды тексереміз. Темір конструкциялар мен желілерді, орталық басқару жүйелерін қадағалаймыз. Кемшіліктер табылса, бірден оларды жоямыз. Ол келушілердің қауіпсіздігі үшін жасалады.

 

Бұндай тексеру жұмыстары өзге де аттракциондарда жүргізілуде. Барлық 40 құрылғы мамандардың жіті қадағалауына алынған. «Мир аттракционов» ЖШС биыл абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөліп отыр.

 

Владимир Козлов, «Мир аттракционов» ЖШС құрылтайшысы:

-Қала тұрғындары ылғи біздің саябақта өсіп тұратын раушан гүлдеріне таң қалатын. Гүлзарларда өте әдемі болып тұрады. 1,5 айдан кейін олар қайтадан тұрғындар көзін қуантатын болады. Бұдан өзге 1000 түп петунья гүліне тапсырыс бердік. Қазір балаларға арналған жаңа дәмхана мен фонтан жасалып жатыр. Олар да жуық арада іске қосылады.

 

Биыл серіктестік жаңадан 8 аттракцион сатып алыпты. Қазір олар орнатылып жатыр. Ал мұндағы барлық қондырғылар 9 мамырда іске қосылады.

 

Мағжан Ахмадина