Әр түрлі

Солтүстікқазақстандықтар дәстүрлі “Зерде” вахтасына аттанды

 

Петропавлдың теміржол вокзалында “Саланг және “Ер Отан” клубының мүшелері үлкен сапарға аттанғалы жатыр. Солтүстікқазақстандық іздеушілерді шығарып салуға туған-туыстары мен достары жиналған. Әскери-патриоттық клуб мүшелері Новгород облысына маңызды тапсырмамен бара жатыр. Олар ұрыс алаңдарынан Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің сүйетерін тауып, есімдерін анықтап, қошеметпен жер қойнауына тапсырмақ. Патриоттық шараға қатысуға бел буғандардың бірі – Айдар Ғабдұлханов.

 

Айдар Ғабдұлханов, “Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшесі:

– Мен «Саланг» әскери-патриоттық клубында 5 жыл бойы қызмет етіп келемін. 1 жыл әскерде болдым. Содан кейін өзімнің күшімді тексеру үшін осы сапарға шығуға бел будым.

 

Кезекті экспедицияға іздеушілер клубының 12 мүшесі жолға шықты. Олар Новгород облысында бірнеше апта  іздеу, қазба жұмыстарын жүргізбек.

 

Александр Азегов, “Саланг” әскери-патриоттық клубының басшысы:

– Осы жылы біздің «Саланг» іздеушілер клубының құрылғанына 25 жыл толмақ. Атаулы датаға орай бірнеше рет іздеу жұмыстарына қатысқан сарбаздарымызды марапаттайтын боламыз.

 

Петропавл қаласына іздеушілер 11 мамырда қайтып келеді.