ТЖ

Сергеев су қоймасында су деңгейі көтеріліп жатыр

 

Бүгінде тұрғындар Боголюбово селосы арқылы айналып өтуде. Елді мекенді су басу қаупі жоқ. Сондай-ақ, республикалық маңыздағы “Челябі-Новосібір” тас жолының 5 шақырымы жабылған. Бұл жерді өткен жұмада су басқан болатын. Жолға шыққандар Заречный кентін айналып өте алады.

“ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” АҚ  СҚОФ-тың шешімімен сәуірдің 21-і күні Заречный кентіне Петропавл гидроторабы жағынан баратын жол да жабылды. Бұған қоса, аталған қыстақ маңындағы қалалық жағажай, автокөлік және теміржол көпірлері жанындағы саяжай учаскелері де бүгінде су астында қалып отыр. Төтенше жағдай орын алған барлық жерде орналастырылған бекеттерде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар кезекшілік атқаруда. Заречный кентіндегі қауіпті аумақтың тұрғындары төтенше жағдай туралы алдын ала хабардар етілген. Өзендегі судың деңгейі күні-түні бақылануда. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, Есіл өзені деңгейінің көтерілуі 10-15 күнге созылуы мүмкін.