Билік

Сәуірдің 20-сы христиан қауымы Пасха мейрамын атап өтті

 

 

Жексенбі күні Вознесение Господня шіркеуіне православ сенімдегілер көптеп жиналды. Өйткені, бұл күні Христос қайта өмірге келген. Сондықтан христиандар үшін бұл мерекелердің ішінде ең ұлығы. Ал, діндарлар ақ, алтын мен қызыл түсті киім киіп, жаратушыдан жақсылық тіледі.

 

Гурий, Петропавл-Булаев епархиясының епископы:

– Пасханы атап өту бізде дәстүрге айналған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, елдегі діни тұрақтылықты сақтап қалуға деген ынта-ықыласының арқасында біз осы күнді жыл сайын жоғарғы деңгейде атап өтудеміз. Және Ұлт көшбасшысы да бізді ұмытпай, осы айтулы күнмен жыл сайын құттықтап жатады.

 

Христиандардың ұлық мерекесіне облыс әкімі Самат Ескендіров ортақтасып, отбасыларына амандық тіледі.

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

– Пасха мерекесі – ұлы мейрамдардың бірі. Осы мереке қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының 21 сессиясы өтті. Сол жиында бізден барған делегация мүшелеріне мемлекет басшысы өз атынан сіздерді осы мерекемен құттықтауды тапсырды. Сондықтан бұл күн қуаныш пен бақытқа толы болсын.

 

Бұдан соң Петропавл-Булаев епархиясының епископы Гурий өңір жетекшісіне мерекелік сыйлық жасады.

Бұл күні православ сеніміндегілер бір-бірін Иса пайғамбардың қайта өмірге келу күнімен құттықтап жатты. Кейін туған-туыстары мен жақындары үшін құдайға сиынды.

 

-Пасха ұлы мереке. Өзімен жақсылық пен жарқын қуаныш әкеледі.

– Осы мерекені отбасымызбен атап өтеміз.

– Бұл күні біз шіркеуге келіп құдайға сыйынамыз. Баршаның амандығын тілейміз.

 

Бану Ахметова