Қоғам

“Святая троица” шіркеуіндегі Пасха мерекесі

 

 

Вознесение Господня – христиан дінін ұстанатындардың басты мерекесі. Сондай-ақ бұл мейрам – көктемнің басталған күні саналады. Петропавлдық католиктер де мейрамды бар сән-салтанатымен атап өтуде. Пасха қарсаңында бірқатар жерлестеріміз отбасыларымен бірге рим-католиктік “Святая троица” приходына жиылып, Христостың өмірге келгеніне қуаныштарын білдіріп жатты.

 

Станислава Белова:

-Біздер үшін айтулы мерекенің бірі. Өзім әр діни мейрамды қалт жібермеймін.

 

Сергей Тайлаков:

-Осы мейрамды отбасымызбен бірге қарсы аламыз.

 

Жарқын діни мерекемен христиан сеніміндегілерді құттықтауға облыстық дін істері жөніндегі басқармасының өкілі келіп құттықтады.

 

Нұрислам Ғабдуллин, СҚО дін істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Барша христиан сеніміндегілерді мейрамдарымен құттықтағым келеді. Бұл қасиетті мерекелердің қатарында. Осы мейрам ұлтаралық бірлікке, татулыққа, ауызбіршілікке үндейді.

 

Кейін костельде христиандардың құдайға құлшылығы басталды. Дін үйінің маңында жаңару белгісі ретінде от жағылып, одан Дариуш Пашинский үлкен пасхалық шырақты жақты. Кейін жиналғандар қараңғы ғибадатханаға кіріп, онда құдайдың қайта өмірге келуі туралы ежелгі гимнді тыңдады. Ортақ оттан жағылған шырақтар маңайға жарық шашып, барша католик сеніміндегілердің жүрегіне жылу ұялатты. Айта кету керек, пасхалық шырақтың балауызы зұлым күштерден қорғайтын көрінеді.

 

Бақыт Сәдуақасов