Балалар

Петропавлдық оқушылар халықаралық «Балалар мерекесі» фестивалінен 7 жүлдемен оралды

 

 

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында осымен 17-ші мәрте ұйымдастырылған халықаралық «Балалар мерекесі» фестиваліне өнер мектебінің оқушылары 4-ші жыл қатарынан қатысып келеді.

Халықаралық «Балалар мерекесі» фестиваліне вокал мен аспапта ойнау шеберлігі аталымдарынан басқа театр майталмандары, цирк әртістері, бишілер мен суретшілердің шығармашылығы да сыналды. Оған Ресей мен Қазақстаннан 8 бен 35 жас аралығындағы 1000 аса өнерпаз қатысқан. Оның ішінде 7-уі біздің жерлестеріміз. Барлығы да құр алақан емес, 1,2,3 дәрежелі дипломдарға ие болған. Бесеуі вокалдық шығармашылық аталымында италиян, ағылшын тілдерінде ән шырқаған.

Айзере Малғаждарова байқауда аспаптық шығармашылық аталымында бағын сынаған. Оның өнерін қазылар алқасында отырған өнер майталмандары, әлемге танымал музыканттар мен ЖОО-ының профессорлары жоғары бағалапты. Ол композитор Виктор Янгтың танымал шығармасын мүдірместен орындап шыққан. Бұдан бөлек оқушы шетел музыканттарының 10-нан астам күрделі шығармасын жатқа біледі.

 

Айзере Малғаждарова, №1 өнер мектебінің оқушысы:

-Байқауда тәлімгерлерім қасымда болғандықтан, аса қобалжыған жоқпын. Онда өнерлі балалар мен әртістер көп болды. Байқаудан кейін Санкт-Петербург қаласын араладық. Көптеген мұражай, театрларда, теңіз жағалауында болдым. Маған бәрі ұнады.

 

Жас әншілер қараша айында Мәскеуде өтетін Халықаралық байқауға шақыру алған.

 

Берік Қасен