Білім

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерінің облыстық форумы өтті

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жастардың алға мақсат, міндеттер қойып, Елбасының тапсырмаларын орындауда үлкен шабыт берген. Оны бүгінгі өткізілген форум барысында айқын аңғаруға болды. Жас буын қазіргі таңда елімізде оларға жасалған жағдайға риза.

 

Фариза Амантаева, СҚО өнер колледжінің студенті:

-Елбасы жастарға үлкен үміт артады.

Саят Серіков, М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледж студенті:

-Бүгіндері біз шетелде оқуға мүмкіндік алып оатырмыз. Онда жинаған тәжірбиені өзімізде, ел дамуына, гүлденуіне жұмсамақпыз.

 

«Алға, Қазақстан», «Қазақстан болашағы- жастарда» деп ұрандатқан студенттер бірлігі мен берекесі жарасқан елеміздегі татуылықты паш етуде.

Өңіріміз астықты аймақ болғандықтан, жастарымыз ауылшаруашылығын дамытуға да үлес қосуға сақадай сай.

 

Жоламан Хохнайұлы, Уәлиханов ауылшаруашылық колледжінің студенті:

-Облысымыздағы ауыл шаруашылығы саласын дамытқым келеді. Ауданға өткен жылы шетелден 100 бас мал әкелінді. Мен де осы салаға өз пайдамды тигізбекпін.

 

Форум барысында патриоттық әндер шырқалып, әр колледж жиналғандарды өз жетістіктерімен қуантты. Еліміздің айбынан асқақтатын мұндай шаралар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, биік белестерді бағындыруға жетелейді. Ұйымдастырушылар шараның діттеген мақсаты да осы дейді.

 

Алма Құсайынова, СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

– Елбасы жолдауын жүзеге асыратын – жастар. Мақсатымыз біреу, ол – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп ұстау, болашағымыз біреу және айқын, ол – елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу. Жастар еңбек етіп, тәуелсіздігімізді алға жылжытып, Мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануға күш салу керек.

 

Жалпы форумға 300-ден астам өңір студенттері қатысты.

 

Мағжан Ахмадина