Қоғам

“Қызылжар су” ЖШС сайтын жаңартты

2012 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеген бұрынғы сайт заман талабынан қалыс қалып қойды дейді “Қызылжар судың” қызметкерлері. Сол себепті, 3 адамнан тұратын арнайы жұмыс тобын құрып, ғаламтордағы электрондық мекен жайды жаңғырту үшін ағымдағы жылдың басынан арнайы топ құрған. Мамандар парақшамен 3 ай айналысып тұрғындар үшін ыңғайлы болу үшін жаңасына біршама өзгерістер енгізген.

 

Эльмира Қабдулина, “Қызылжар су” ЖШС баспасөз хатшысы:

-Сайтқа кіру үшін ең алдымен www.kyzyzhar-su.kz мекен жайын теру қажет. Сайт қазақ және орыс  тілдерінде толтырылған. Мұнда біздің қызметкерлеріміздің телефон нөмірлері жазылған. Ғаламтор арқылы басшылықтың қабылдауына да жазылуға болады. Сайттың екінші бөлімі түгелімен тұтынушыларға арналған. Олар бұл бөлімде өздеріне қажетті барлық мәліметті, тіпті құжаттардың тізімі мен бланкілер, арыздар мен шарттардың үлгілерін де көре алады.

 

Айтпақшы, бұл сайттың жұмысына жылына 46 мың теңге жұмсалады екен. Оған кететін шығын тарифтан емес, кәсіпорынның табысынан өтеледі. “Қызылжар су” серіктестігінің басшылығына биыл ғана тағайындалған жаңа бас директор Жеңіс Сұлтанов алдағы уақытта компанияның қызметін жетілдіру бойынша атқарылатын жоспармен де бөлісті.

 

Жеңіс Сұлтанов, “Қызылжар су” ЖШС бас директоры:

-Біздің алдымызға қойған мақсаттарымыз: 1-ші желтоқсан 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін Инвестициялық бағдарламасын  жаңадан жасау, энергия үнемдеу мәселесімен  жаңа техника алу. Сол жоспарларды орындау керек. Осы сайтымыз соған көмектесіп, халыққа бәріне көрсетіп отырады біздің жұмысымызды.

 

Кемінде 2-3 айдың ішінде тұрғындар сондай-ақ, кәсіпорын мамандарына сұрақ қойып, қызметтері көңілден шықпаса шағымдарын да жолдай алады. Өйткені, Байланыс орталығы онлайн жүйеде жұмыс істемек.

 

Данаш Хамзина