Білім

“Ой-сана” байқауы

Республикалық байқаудың облыстық кезеңіне орыс тілін жетік меңгерген жеткіншектер қатысып жатыр. Жанболат Сейпулов қолы бос кезінде орыс классиктерінің шығармаларын оқиды. Тіл – байланыс құралы, сондықтан оны білу өмірде үлкен белестерді бағындыруға септеседі дейді. Өз біліміне сенетін тайыншалық оқушы топ жаратынына сенімді.

Ал, Толғанай Мырзатаева Айыртау ауданының намысын қорғауда. Ол мектеп бітіргесін орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болсам дейді. Мақсатқа жету үшін мектеп қабырғасынан осы пәнге дайындығын шыңдап жүр. Толғанай жаңадан шыққан авторлардың туындыларын ұнатады. Байқауға да сол бағытта әзірленген.

Байқауға оқуы қазақ тіліндегі мектеп оқушылары қатысты. Алғашында олар лексика-грамматикалық тест сұрақтарына жауап берді. Кейіннен берілген тақырыпта эссе жазып, диалог құрады. Содан соң кез-келген жанрдағы мәтіндерді мәнерлеп оқыды.

Сыннан сүрінбегендер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Ал, бірінші орынды иемденгені өңір намысын республикалық байқауда қорғау мүмкіндігін иеленеді.

 

Бану Ахметова