Қоғам

Нұротандықтарға жаңа билеттер тапсырылды

Бүгінде партияның жаңа куәліктерін табыстау рәсімі еліміздің жер-жерінде өтуде. Петропавл теміржол колледжінің бастауыш ұйым өкілдері де маңызды істен шет қалмады. Ондағы партия белсенділерінің жалпы саны 40-қа жуық.

 

Владимир Витченко, “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-Бүгінде партияның қалалық филиалындағы мүшелер саны 5 мыңның үстінде. Олардың қатарында аталмыш оқу орнының педагогтары да бар. Мұндағы бастауыш ұйым партия құрылған күннен бастап жұмыс істеп келеді. Ұстаздар қауымы партия саясатын өздері ғана ұстанып қоймай, оны өзгелерге дәріптеуде де үлкен жұмыстар атқаруда.

 

Жаңа куәліктерді колледждегі партияның бастауыш ұйымы өкілдеріне табыстамас бұрын Владимир Витченко партия саясатын жүргізуде еңбегімен ерекшеленген бірқатар педагогқа қалалық филиал төрағасының алғыс хатын үлестірді. Артынша 40-қа жуық партия мүшелері жаңа куәліктерге ие болды. Олардың қатарында Владимир Ионов та бар.

 

Владимир Ионов, Петропавл теміржол колледжі директорының орынбасары:

-Партияға мүшелікке енгеніме 7 жыл болды. Өзім оның ұстанған бағыты мен саясатын қолдаймын. Партияның бағдарламасы бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейді. Ал халық сізбен біз.

 

Бұрындары партия мүшелерінің билеттері жәй қағаз болса, жаңа үлгідегі куәліктер пластиктен жасалған. Онда адамның аты-жөні, партия қатарына қашан қабылданғаны және куәліктің сыртқы бетінде арнайы штрих коды бар. Ол арқылы партия мүшесі жайлы бар ақпаратты оқуға болады.

 

Самат Есмағи