Қоғам

Алматыдан келген құтқарушылар тасқын кезінде жергілікті әріптестеріне көмек көрсетеді

Қаз-қатар тізілген мына техникалар түрлі апаттарды ауыздықтауға арналған. Мұндай арнайы құрал-жабдықтар біздің өңірде жоқ. Сондықтан солтүстікқазақстандық құтқарушылар әрбір техника туралы ақпаратты мұқият тыңдауда. Мәселен, мына құрал-жабдықтың көмегімен ТЖ орын алған жерде темірлерді жылдам кесуге болады. Және жол-көлік апатына ұшырап, мыжылып кеткен темір тұлпардың иесін автокөліктен алып шығуда таптырмас құрал.

Бұндай апатық жағдайларда “Пеликан” техникасының да   көмегі зор. Бұл жарық беретін аппаратпен құтқарушылар түнгі уақытта 70 сағаттан астам жұмыс істей алады. Барлық техникалармен таныстырған Алматыдан келген республикалық жедел-құтқару тобы сонымен қатар биік ғимараттың тұрғындарына қажетті көмекті де көрсетті.

 

Биыл ҚР ТЖМ жедел-құтқару тобына 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында олар Қазақстан мен шет мемелекеттерде 3,5 мың адамды апаттан құтқарып қалған.

 

Виталий Горбачев, ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару тобының жедел жұмыстар бойынша басшысының орынбасары:

– Біз Петропавлға 3 бірлік арнайы техника мен суда құтқару шараларына арналған киімдер, қайықтарды әкелдік. Қазіргі кезде сіздерде қауіпті деп саналатын су қоймаларын бақылауға алып отырмыз. Және өз тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Бұған дейін де біз газ баллон  жарылған үйдегі адамдарды құтқару үшін тікұшақпен келген болатынбыз.

 

Республикалық жедел-құтқару тобы Есіл өзенінің деңгейін бақылайды. Қазір жағдай қиын, өзен арнасынан асып ағып жатыр, егер тасқын күш алса, Есіл өзенінің маңайында орналасқан 10-15 үйді су шайып кетуі ғажап емес. Сондықтан да өңір құтқарушылары қиын кезеңде алматылық әріптестерінің тәжірибелері ауадай қажет дейді.

Республикалық жедел-құтқару тобы өңірімізде екі аптадай болмақ.

 

Бану Ахметова