Қоғам

“Соғыс жолдары” көрмесі

Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде кеңес жауынгерлері Мосин винтовкасын қолданған еді. Ал кейін Шпагин тапанша-пулеметі де жаңа үлгіде шығарылды. Оның салмағы 6 келі. Осы тапаншалармен қаруланған 314-ші және 316- атқыштар дивизиялары фашистерге қарсы шығып, басқыншыларға тойтарыс берді. Мұражайда жауынгерлердің жақындарына жазған хаттары, жеке заттары да сақталған.

 

Вера Андреева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:

-314-атқыштар дивизиясы Петропавл қаласында құрылған. Алғаш шайқасқа жерлес жауынгерлер генерал-лейтенант Шоминьговтың жетекшілік етуімен шығып, Ленинград шебін бұзып өтті.

 

Соғыс жәдігерлері қаламыздың мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын туғызды. Мұражай қызметкері отан үшін от кешіп, соғыстың барлық қасірет-қайғысы мен қорқынышын көзбен көрген батырлары туралы, отандастарымыздың Сталинград шайқасындағы ерлігі жөнінде айтып берді.

 

Родион Разумов, № 9 мектептің 7 сынып оқушысы:

– Бүгін мұражайға келіп, біздің өңірімізден соғысқа мыңдаған жауынгерлердің аттанғаны туралы білдім. Олардың ерліктерімен таныстық. Мен үшін тапаншалар қызық болды.

 

“Соғыс жолдары” көрмесін мамырдың 15 дейін тамашалауға болады.