Құқық қорғау органдары

«Көршілер бақылауы» бағдарламасына сенім артып келеді

Әуезов көшесі бойындағы жеке сектордағы үйлердің бірінде тұратын азамат көршілері үй маңына қоқыс шаша беретіндігін айтып шағымданған. Петропавлдық өз мұңын «Көршілер бақылауы» бағдарламасының сенім телефонына хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер маңайды ластап жүрген жүгенсіздермен кездесіп, бұл үшін әкімшілік жауапкершіліктің қарастырылғандығын жеткізді.

Ал Виктор Жильцов тұратын үйдің ауласында бір ай бұрын ұрлық орын алған. Ол жайында тұрғындар бірден көршілер бақылауының телефонына хабарлаған көрінеді. Көп ұзамай баукеспе қолға түсіпті.

 

Виктор Жильцов:

– «Көршілер бақылауы» бағдарламасының пайда болуымен ауламызда көптеп қаптап жүретін күдікті адамдардың қарасы қазір көрінбейтін болды. Олар мүмкін қорқатын шығар. Құқық қорғаушылар жылдам келеді.

 

Жыл басынан бері жобаның сенім телефонына 120-дан астам солтүстікқазақстандық хабарласқан. Тәртіп сақшылары 40 заңбұзушылықты анықтап, 2 қылмыстың бетін ашыпты.

 

Асылтас Жаңабеков, Петропавл қалалық ІІБ учаскелік инспекторы:

– «Көршілер бақылауы» бағдарламасы 2011 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс атқаруда. Күніне 8-9 қоңырау келіп түседі.

 

Құқықбұзушылықтар жөнінде 61-20-02 телефонына қоңырау шалуға болады.

 

Мағжан Ахмадина