Құқық қорғау органдары

Жас полицейлер слеті

 

22 жастағы Олжас Сайынов өткен жылы тәртіп сақшысының формасын киген. Алматыдағы ҚР ІІМ  академиясын аяқтаған соң, Уәлиханов ауданындық ішкі істер бөліміне тергеуші болып қызметке тұрады. Жұмысқа орналасқанына көп болмаса да, жас полицей 10-даған қылмыстық істі тергеп үлгеріпті. Жауапкершілікті талап ететін бұл қызметте оған тәлімгері Еркін Махметов үнемі көмек көрсетіп отырған. Ұстазының арқасында Олжас Сайынов бүгін ҚР ІІМ атынан алғыс хатқа ие болып отыр.

Слетте жас офицерлердің ұстаздары да грамота және алғыс хаттарға ие болды. Жалпы, үстіміздегі жылдың басынан СҚО ІІД жеке құрамы 200 маманмен толыққан.

 

Ақан Қажкенов,СҚО ІІД бастығы:

-Ішкі істер органдарына өз еріктерімен жұмыс істеуге келген жас мамандар қызметтерін абыроймен атқаратынына сенеміз. Өйткені, олар өзге полицейлермен бірге қоғамның тыныштығын орнатпақ. Әрине бұл оңай жұмыс емес. Көп жауапкершілікті талап етеді.

 

Қызметінде ерекшеленгендердің ата-аналары да құрметке бөленді. Арасында Светлана Липатова бар.

 

Светлана Липатова:

Менің қызым бала күнгі арманына қол жеткізіп, бүгінде ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқаруда. Мені марапаттағандары үшін алғысым шексіз. Алдағы уақытта барша қызметкерлердің жұмыстарына табыс тілеймін.

 

Жас полиция қызметкерлерінің облыстық слеті әрдайым өткізіліп тұрады.

 

Бану Ахметова