Білім

Өңір оқушылары Байқоңыр қаласында өткен халықаралық ғылыми байқаудан жүлделі оралды

 

Мағжан Ахмадина, тілші:

Роботехника үйірмесіне қатысатын оқушыларға мынадай кішігірім роботты жасауға 2-3 сағат қажет. Ал Марсоход сынды көптеген бағдарламаларға толы жобаны жасауға балалар 10 сағаттан артық уақыт жұмсапты.

 

Марсоход – түрлі кедергілерді бағындыра алатын құлтемір. Оны жасау Батыржан мен Маскимге оңайға түспеген. Өйткені оны құрастыруда аса кедергілер туындармаса да, роботқа түрлі бағдарламаларды енгізу қиынға соққан.

 

Максим Черных, Петропавлдағы №5 орта мектептің 11 сынып оқушысы:

-Роботқа бағдарламаларды енгізу – өте қиын шаруа. Біз оған 5 сағат жұмсадық. Ол кедергілерді айналып жүріп өтеді. Маңайды бақылай алады. Осының барлығын біз осы құрылғыға енгіздік.

 

Батыржан Нұрпейісов,Қазақ мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы:

Біздің марсоход 3 комплектіден тұрады. Онда 2 камера орнатылған. Күн батареялары бар. 6 мотордың екеуі доңғалағында тұр. Бұрғылау қондырғысы және 2 ультрадыбыстық құрылғы орналасқан.

 

Балалар өздері жасап шығарған түрлі роботтарды ерекше қуанышпен көрсетіп жатыр. Әзірге мұнда 6 жоба бар. Олардың барлығы көрген жанды өзіндік тың жаңалығымен таң қалдыра алады.

Батыржан мен Маскимнен басқа аталмыш жарысқа өңірімізден 16 оқушы қатысқан. Олардың 11-і жүлдегер атанды. Бұл оқушылардың жаңа технологияларды игеруге деген қызығушылығының артқандығын көрсетеді.

 

Данияр Уәлиев, Петропавл қаласындағы №16 орталау мектеп директоры:

– Бұл балалардың ойлау қабілетін арттырып, сыни тұрғыда ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

«Робототехника» үйірмесінің ашылғанына 2 жылға жуық уақыт болған. Қазіргі күні мұнда 30-ға тарта бала құлтемір жасаудың қыр-сырын үйреніп келеді. Жеткіншектер қараша айында өтетін роботехника бойынша әлем чемпионатына дайындықтарын пысықтауда.

 

Мағжан Ахмадина