Білім

Мектеп оқушыларын тамақтандыру – ерекше бақылауда

Алдағы уақытта еліміздегі орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларды тамақтандыру сапасы артатын болады. ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабында орта білім беру ұйымдарында оқитын балғындарды тамақтандыруды ұйымдастыру ережелеріне толықтырулар енгізілді. Оған сай, ендігі кезекте ең біріншіден, тамақтың сапасына көңіл аударылмақ.

 

Әлфия Қадырова, СҚО білім басқармасының бас маманы:

-Бұрын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді берушілер ұсынылған бағаның арзандығы бойынша таңдалатын. Яғни, тендерге арзан баға ұсынғаны жеңіске жететін. Ал қазір байқауға қатысатын ұйымдардың тамақтандыру саласында тәжірбиесі, сапа сертификаты, автокөліктері және ең бастысы білікті мамандары болуы шарт.

 

Сонымен қатар енді қызмет көрсетушілерді мектептер өздері таңдайды. Ольга Клишина мектептегі тамақтандыру саласында 13 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Соның 11 жылында осы «Бест» гимназиясында қызмет атқарады екен.

 

Ольга Клишина, «Клишина» ЖК директоры:

-Көп жағдайда қоғамдық тамақтандыру саласына бұдан ешбір хабары жоқ адамдар келіп жатады. Ал мына заңның шығуы аз да болсын бұл жүйені реттейді деген ойдамын.

 

Бүгіндері аталмыш оқу ордасында бастауыш сыныптардың 400 оқушысы тегін аспен қамтылған. Асханадағы тағам мәзірі жоғарғы сынып оқушыларының да көңілінен шығуда.

 

Мен барлығы 200 теңге төлеймін. Маған өте ұнайды. барлығы дәмді.

– Бізде тамақты дәмді, үйдегідей қылып әзірлейді. Міндетті түрде келіп, салат, десерт алып жейміз.

 

Аталмыш талаптар үстіміздегі жылдың 1 маусымында күшіне енетін болады.

 

Мағжан Ахмадина