Мәдениет

“Таңшолпан” байқауы

 

Фестиваль шымылдығы “Туған ел”, “Қазақстан – елім менің” әндерімен ашылды. Байқау барысында қазақ сазгерлерінің әр уақытта жазылған керемет туындылары шырқалды.

Айыртау ауданының жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Анастасия Бердникович бұндай шараға алғаш рет қатысуда. Кішкентай кезінен өз еркімен өлең айтып, өнерге деген құлшынысы одан әрі арта түсті. Ол сахна төрінде “Қазақстан-елім менің ” атты әнді орындап берді.

 

Анастасия Бердникович, Айыртау ауданының жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушісі:

– Мен осы байқауға қатысып, мектебімнің абыройын көтергім келеді. Мерекелік шара мен үшін қызықты болды, сайыс барсында 8 қазақ әнін шырқадым. Осы байқауға қатысуға қолдау көрсеткен мұғалімдеріме, мектеп директорына алғысым шексіз.

 

«Таңшолпан» фестиваліне облысымыздағы 5 мектеп- интернаттан 20 балғын атсалысты. Жас дарындардың бірі ән айтса, екіншілері би билеп, жиналған жұртшылыққа жақсы көңіл күй сыйлады. Байқаудың жеңімпаздары маусымның 1 мен 3-і аралығында, Астана қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алмақ.

 

Владимир Новик, Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының директоры:

-«Таңшолпан» байқауы жас дарындарды айқындауға жол ашады. Фестиваль ҚР балалар құқығын қорғау конвенциясын ратификациялаудың 20 жылдығына орай өткізілуде.

 

Фестивальге қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.