Мәдениет

“Көктем-2014” джаз фестивалі

 

 

Солтүстіктің сахнасында шырқалып жатқан бұл ән америкалық композитор Ричард Роджерстің туындысы. Бәріне танымал “LEDY-Бродяга” атты шығарманы облыстық эстрадалық джаз оркестрінің солисі Елена Губанова орындауда. Жергілікті әнші бүгінгі кеште репертуарындағы өзіне ерекше ұнайтын екі шетелдік туындыны құлақтың құрышын қандырып орындап берді.

 

Елена Губанова, СҚО эстрадалық джаз оркестрінің солисі:

– Мен бүгін екі классикалық джаз композициясын орындадым. «Леди-Бродяга» мен «Мне хорошо». Бұл шетелдің композияциялары бәріне танымал. Шығармалар бақыт пен махаббат және өмір жайында. Меніңше біздің солтүстікқазақстандықтар жақсы әсер алды.

 

Джаз  кешінде  Қостанай облыстық филарманиясының “Биг-Банд” муниципалдық концерттік ұжымы да өз өнерлерін ортаға салды. Олар сахна төрінде шетелдің танымал композиторларының  шығармаларын орындады.

Бұл ұжымның теріскей сахнасында өнер көрсетуі алғаш емес. Олар осы концертте 5 шығарманы орындады. Өнер ұжымы солтүстікқазақстандық тұрғындар джаз музыкасын  жоғары бағалай біледі, әр келген сайын жылы қарсы алады дейді.

 

Александр Евсюков, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның “Биг-Бэнд” муниципалдық-концертінің көркемдік жетекшісі, Қостанай қаласы:

-Сіздің қалаларыңызда джаз фестивалін өткізу дәстүрге айналған. Мұндай кеш алғаш рет осында 18 жыл бұрын ұйымдастырылған болатын. Онда біз де өз өнерімізді көрсеткеніміз есімде. Есесіне Петропавлда джаз өнерін бағалаушылар көп. Осы жолы жергілікті шығармашылық ұжымдармен тәжірибе алмасу мақсатында келдік.

 

2007 жылға дейін Петропавлда джаз фестивалі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келетін. Міне, араға 7 жыл салып қайта ұйымдастырылған кешке жиналғандардың қатары қалың. Екі сағат бойына жалғасқан джаз фестивалінен  тыңдарманның алған әсері мол.

 

– Джаз  концертіне бірнші рет келдім. Кештен алған әсерім ерекше.

– Джаз музыкасы маған ұнайды. Әрдайым теледидардан қарап отырамын. Бұл концерте алғаш рет келдім. Маған өте ұнады.

 

“Көктем-2014” джаз фестивалінде тыңдарманға Көкшетау, Қостанай қалары мен жергілікті 6 ұжым өнерлерін көрсетті.

 

Бану Ахметова