Мәдениет

Суретші А.Бургаевты еске алу көрмесі

 

Көрме залы әсемдік пен шығармашылыққа толы. Мұнда қойылған 70-тен астам суреттің әрқайсысы өз алдына ерекше бір туынды. Картиналардың өмірге келу уақыты да әртүрлі. Экспозицияға 1970-2011 жылдар аралығындағы өнер туындылары ұсынылған екен. Ерекше сурет көрмесін тамашалауға өнер қайраткерінің жары да келіпті.

 

Нина Гордиенко, Анатолий Бургаевтың жары:

-Жұбайым ешқашан үйде сурет салмайтын. Барлық суреттерді жұмыс орнында қағаз бетіне түсіретін. Әр туындыны салғанда шығармашылықпен орындайды. Оның туындылары елімізбен қатар, шет мемлекеттерде де қойылады.

 

Көрме суретшінің 75 жылдық мерейтойына және оның естелігіне арналып отыр. Соңғы жылдары суретші көне түркі тақырыбына байланысты “Өткеннің қайнарына шолу” туындысы бойынша еңбек етіпті. Сондай-ақ Қарасай мен Ағынтай батырлардың бейнелерін жасаған.

Мұражайға жиылған қауым – қылқалам шеберінің өмір жолынан сыр шертіп, өлең шумақтарын да арнады.

 

Бақыт Сәдуақасов