Білім

Жер және аспан денелерін зерттеуші ғалымдар Петропавлда бас қосты

 

 

Бүгінгі ғылыми конференция – алыс және жақын шетелдердің білікті ғалымдарының басын қосты. Физика-математика ғылымдарының кандидаты Сергей Лазарев ұзақ жылдар бойы астрономиялық зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесін дәлелді көрсетіп жүр. Жас ғалымның соңғы зерттеулерінің бірі – шарбы бұлттарды бақылау. Оның қорытындысы бойынша ғарыштан түсірілген суреттер – шарбы бұлттардың атмосфера қабатына тигізер әсері дәлелденген.

 

Сергей Лазарев, PhD докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты:

-Мен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де бакалавриатты тәмамдадым. Кейін Томск қаласында магистратураны ойдағыдай аяқтап, Германияға кеттім. Қазір сол елде астрономиялық орталықта қызмет атқарамын. Осы уақыт ішінде солтүстікқазақстандық астроном-ғалымдармен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Озық технологияларды жұмысыма қолдануға тырысамын.

 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ғалымдар астрономия саласы жайында баяндамаларын оқып, озық тәжірибелерімен бөлісті. Оған қоса астрономиялық зерттеулердің 25 жылдығына орай М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Оңдасын Әшімов бірқатар ғалымдарға мақтау қағазын табыс етті.

 

Андрей Солодовник, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ “Физика” кафедрасының меңгерушісі:

-Университет қабырғасындағы обсерваторияда бірнеше астрономиялық зерттеулер жүргіздік. Студенттеріміздің арасында да астрономияға бет бұрғандары бар. Ғарыштағы жаңашылдықтармен танысып, жаңа технологияларды енгізуге тырысамыз. Жиында тәжірибелі ғалымдармен байланыс орнатпақпыз.

 

Осы күні солтүстікқазақстандық астроном ғалымдар ғарыш арқылы облыстағы қазба байлықтарын зерттеуді қолға алыпты.

 

Бақыт Сәдуақасов