Әр түрлі

Петропавлға Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобы келді

 

Ұлт көшбасшысы еліміздің ертеңі жастардың қолында деп атап көрсеткен болатын. Ал кейінгі толқынды отансүйгішкікке тәрбиелеу аға буынның міндеті. Әке көрген оқ жонар деген мақал осыны меңзегендей. Нұрсұлтан Назарбаев оған биылғы жолдауында да айрықша назар аударды. Оны солтүстікқазақстандық қорғаныс істері жөніндегі департамен жетекшілерімен жүздесу барысында ҚР Қорғаныс министрлігі бас штабының өкілдерінен құралған үгіт-насихат тобының мүшелері де атап көрсетті.

Елбасы өзінің биылғы жолдауында Үкімет пен Қазақстан халқы ассамблеясына “Қазақстан-2050” жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, “Мәңгілік ел” партиоттық актісін әзірлеуді міндеттеген болатын. Ол өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Оған сүбелі үлес қосушылардың денін әскери-патриоттық клубтар құрайды. Ортақ істен солтүстікқазақстандықтар да шет қалып отырған жоқ. Ұлттық патриотизмді дәріптеуге сүбелі үлес қосушылардың бірі “Саланг” клубы. Ұйымның құрылғанына биыл 27 жыл.

 

Алдександр Азегов, “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:

-Ауған соғысы бізге әскери іс-қимылымыздың төмендігін аңғарты. Сондықтан өскелең ұрпақ отан алдындағы борышын өтеуге аттанғанда оған сәл де болсын біліктілікпен барғанын жөн санадық. Клубты құрудағы мақсатымыз осы. Бүгінде бізге келуші жастардың қарасы қалың. Оларды тек әскери өмірдің қыр-сырына баулып қана қоймай, сондай-ақ естелік вахтасына да апарып тұрамыз. Майдан даласында жастар, шейіт болған талай боздақтардың денелерін жер қойнына тапсыруға, түрлі соғыс құралдарын табуға да атсалысуда. Оның бәрі тарих.

 

Қазақ жері ұланғайыр. Ата-бабаларымыз оны кезінде  найзаның ұшы, білектің күшімен қорғап, біздерге аманат етті. Ендігі жерде атадан балаға мирас болған құндылығымызды ғасырдан-ғасырға жеткізу өскелең ұрпақтың міндеті. Сондықтан олар отансүйгіштік қасиетті бірінші орынға қоюлары керек.

 

Самат Есмағи