Спорт

Облыс әкімі С.Ескендіров қысқы Олимпиада ойындарына қатысушылармен кездесті

 

Бүгінде солтүстікқазақстандықтардың 140 мыңнан астамы спортпен жүйелі түрде айналысады. 300-і ҚР-ң ұлттық құрама командаларына алынған. Өмірін спортқа арнаған 4 жерлесіміз жуырда Сочиде өткен байрақты додада бақтарын сынаған болатын. Алтыннан алқа тағынбаса да, келешекке үлкен үміт ұялатып қайтты.

 

Самат Ескендіров, Солтүстік Қазастан облысының әкімі:

-Бүгінгі жиынымызды мақтаныштарымызға арнап отырмыз. Біздің спортшыларымыздың болашағы зор. Олардың талпыныстары мен бапкерлерінің еңбегін атап өту маңызды. Паралимпиадаға қатысқан Қайрат Қанафин мен Елена Мазуренкоға да айтар алғысымыз бар. Алдағы уақытта әлі талай биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін.

 

Олимпиада ойындарында қазақстандықтар қол жеткізген 5 жолдаманың 2-уі Дмитрий Бабенко мен Роман Кречке тиесілі. Олардың жаттықтырушысы Александр Суровяткинге бүгін облыс әкімінің алғыс хаты мен сыйақы табыс етілді.

 

Александ Суровяткин, коньки тебу спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Дмитрий Бабенко мен Роман Кречтің жеке бапкері:

-Облыс әкімінің қолдауынсыз, қоғамның назарынсыз қандай да бір нәтижеге қол жеткізу қиын, әрине. Бүгінгі зор ықыласқа шексіз ризамыз. Бұл келесі табыстарға ұмтылуға жақсы бір серпін береді.

 

Олипиада ойындарында 500 метрге жүгіруден 7-ші орын алған Роман Кречке облыс әкімінің бұған дейін 2 бөлмелі пәтер бергені белгілі. Қалған қатысушыларға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен 1 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы табыс етілді.

 

Дмитрий Бабенко, коньки тебу спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

-Облыста спортттың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Балалалар да назарсыз қалып жатқан жоқ. Соңғы уақытта тек өңірде ғана емес, жалпы, Қазақстанда аталған салаға деген қаржы көлемі өсті. Оған өзім куәмін. Олимпиадаға келер болсақ, мен бұл сында барлық күшімді жұмсадым. Нәтижеме, көңілім толмады. Маған әлі көп еңбектену қажет.

 

Шаңғы жарысынан спорт шеберлері Қайрат Қанафин мен Елена Мазуренко үшін Паралимпиадалық ойындарға қатысудың өзі жеңіс. Олардың айтуынша, биіктен көріну үшін, ең бастысы, өз-өзіңе деген сенімділік пен жігер қажет.

 

Елена Мазуренко, ҚР шаңғы жарысынан спорт шебері:

-Қаржылай және рухани қолдау үшін облыс басшылығы мен жерлестеріме алғысымды білдіремін. Көшеде келе жатқанда сені біреудің танығаны қуантады. Біз алдағы уақытта тырысатын боламыз. Біз бірінші орынды жеңіп алмасақ та, бағасыз тәжірибе жинақтадық.

 

Жерлестеріміздің спорттағы алар асулары әлі алда. Олар әлемдік аренада жеңімпаз Қазақстанның көк туын талай желбірету үшін тынымсыз еңбектенбек.

 

Данаш Хамзина