Спорт

Каратешілер Қарағандыдан 10 медаль алып қайтты

 

Сәуір айының 5 мен 6-да Қарағандыда өткен жарысқа облысымыздан 58 каратэші барған. Олардың ішінде 14 спортшының бағы жанып, қанжығаларына бірінші, екінші және үшінші орындарды байлап қайтты. Десе де, бапкерлер, шәкірттерінің бар мүмкіндіктерін толық пайдалана алмағанын айтуда.

 

Евгений Дулов, “Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының” РҚБ СҚОФ бас бапкері:

-Жарысқа Қазақстанның әр облысынан шамамен 700 спортшы қатысты. Біздің балалар бұл жарыста айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды еншілеп қайтты. Алда талай жарыстар күтіп тұр. Оларға әзірлікті қазірден бастап кеттік.

 

Алтынбек Ануарбеков – республикалық жарыста топ жарған каратэшілердің бірі. 14 жасар жерлесіміз спорттың бұл түрімен 10 жылдай айналысады. Жеткен жетістіктері де молынан. Ол 45 келі салмақ дәрежесінде финалда солтүстікқаақстандық каратэшімен кездесіп, оны айқын басымдықпен ұтқан екен.

Дүбірлі додада 5 пен 18 жас аралығындағы спортшылар бақ сынаған. Олар 2016 жылы өтетін әлем чемпионаты мен жақын арада болатын жарыстарға қазірден бастап қызу дайындық жүргізіп жатыр.

 

Бақыт Сәдуақасов