Білім

Білікті мамандар даярлауда дуалдық оқыту жүйесінің маңызы арта бермек

 

Елбасы өз жолдауында дуалдық оқыту жүйесі кәсіптік- техникалық білім берудің бір бөлігі болуы керек дегенді атап көрсеткен болатын. Өйткені елімізде техникалық мамандар тапшы. Қазіргі күні алған білімді тәжірибемен ұштастыра білетін студенттер даярлау үшін, оқу ордаларының материалдық- техникалық базасы жақсартылуда. Кәсіпорындармен де тығыз қарым-қатынас орнатылған. Дуалдық оқыту деп аталатын әдісті  гуманитарлық- техникалық колледж оқытушылары шетелдік әріптестерінен үйренген. Олар Германия және Норвегия  мамандарымен тәжірибе алмасып, біраз іс тындырыпты. Қазір мұнда аталмыш жүйе арқасында 6 қосымша шеберхана іске қосылған.

 

Александр Мерк, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры:

– Мен өзім кәсіпорында біраз жыл бас инженер болып істедім. Сондықтан жұмысқа техника тілін біліп шыққанның қаншалықты маңызды екендігін білемін. Сондықтан қазіргі күні оқу орындары зауыттармен тығыз қарым- қатынаста жұмыс жасауы тиіс. Студенттер оқу ордаларында техниканың жұмысын жақсы біліп, қанығып шығу керек.

 

Ал Республикалық конференцияға қатысып отырған Көкшетау жоғары техникалық мектебінде дуалды оқыту жүйесі 2011 жылдан қолға алынған. Олар қазір 4 мамандықты тәжірибе түрінде оқытуда.

 

Ақнұр Есләмова, Көкшетау жоғары техникалық мектебінің директоры:

– Жалпы дуалды білім беру студенттің оқуға деген қызығушылығын оятады. Бұл жиынға біз тәжірибе алмасуға келдік. Сондықтан кей жаңашылдықтарды үйреніп, өзім басқарып отырған оқу орнында енгізсем деймін.

 

Бүгінгі конференцияға қатысушылар алдағы уақытта кәсіби бағытта білім берудің жаңа деңгейіне шығып, әріптестік қарым-қатынасты жалғастыруды көздеп оытр.

 

Мағжан Ахмадина