Балалар

Жұмысшы жастарға мемлекеттік жастар саясаты түсіндірілді

 

Елімізде жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Оған өңірдегі барлық кәсіпорындар үн қосуда. Мамандықты ғылыми түрде меңгеріп, тәжірибеге енді келген кейінгі толқынның үйренетіні көп. Олар жиында көкейлерінде жүрген алуан түрлі сұрақтарға маманның жауабын алады.

 

Асқар Баймұқанов, “СҚО жастар мәслихаты” жоба менеджері:

-Біз бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде ақпараттық кездесулер, семинарлар, тренингтер қарастырылған. Жұмысшы жастардың бойында көшбасшылықты тәрбиелеп, жастар комитетін ашқымыз келеді. Сонымен қатар біз кәсіби шеберлік аясында, облысымыздағы өндірістік саланың қызметкерлері арасында байқаулар өткіземіз.

 

Жастар мәслихатының өкілдері қолға алған шараның басты мақсаты – қызмет етіп жүрген кейінгі толқынның әлеуметтік белсенділігін арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру болып табылады. Кездесуге жиналған жастар өздерін мазалайтын сұрақтарын да қойып, лайықты жауаптарын алып отырды.

 

Олеся Скопинова, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ  жастар комитетінің төрайымы:

-Жас мамандарға арналған қолжетімді баспана туралы мәселелер қозғалды. Соның ішінде СҚО-дағы діни жағдай. Кездесу өте қызықты өтті, жиналған қауымның сұрақтары да көп болды.

 

Бұл жастар мәслихаты өкілдерінің алғашқы кездесуі. Енді мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрмақ.