Балалар

Студент жастармен ақпараттық кездесулер өткізілуде

 

 

Ынталы жастар орталығының директоры Данияр Әбутәліпов болашақ педагогтарға «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», тағы да басқа мемлекеттік бағдарламалар мен онда қарастырылған жеңілдіктер жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп жатыр. Өйткені, оның айтуынша, жастардың дені мемлекет ұсынған жобалар жайлы біле бермейді. Есесіне олардың көмегіне жүгінетіндер де аз дейді.

Іс-шараға әділет, дін істері жөніндегі департамент пен жастар денсаулық орталығының өкілдері белсенді қатысып жүр. Олар да студент жастар үшін өзекті болып табылатын жұмысқа орналасу, баспана алу бағдарламасы жайында нақты кеңес беруде. Сондай-ақ, дәстүрлі дін, экстремизм, психология, денсаулықты сақтауға қатысты сұрақтар көтерілді.

 

Александр Гакштетер, СҚО ынталы жастар орталығының педагог-психологы:

-Біз қазір студенттердің барлық мәселелерін тыңдап, кейін осының негізінде жұмыс жоспарын құрамыз. Онда жастар тарапынан көбірек қозғалған сауалдарға үлкен мән береміз. Сол бойынша уақыты мен өтетін орнын анықтап, қоғамдық кеңестер өткізетін боламыз.

 

Ынталы жастар орталығының өкілдері осы сынды шараны 9 оқу орнында өткізген. Соңғы 11-ші кездесу Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде ұйымдастырылады.

 

 

Берік Қасен