Қылмыс

Қызылжар ауданында 200 құты заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді

 

 

Екі жүз шыны ішімдікті тәртіп сақшылары сезіктілердің үйінде анықтаған. Қызылжар ауданы Белое селосы тұрғындары өндіріп келген спиттік өнімдер, этикеткасына қарағанда, элиталық арақ. Дегенмен, күдіктілер оны біршама арзан бағамен өткізіп келген. Ұсталғандардан астыртын өндіріске қажетті құтылар да анықталып отыр.

 

Ербол Байзақов, СҚО ІІД ҰҚҚКБ аға жедел уәкілі:

-Тексеріс барысында олардың бұрын алкоголь өнімдерін шығаратын зауытта қызмет еткендері анықталды. Жұмыс істеп жүріп сезіктілер құтылар, қақпақтарды үнемі қолды етіп отырған. Кейін, өз үйлерінде дайын өнім жасаған.

 

Қолға түскен қос тұлғаның жастары 25-30  шамасында ғана. Кәсіпқойлар базардан ең арзан арақты сатып алып, оны қымбат құтыларға құйып жүрген. Өнімді ойын-сауық орындарына өткізілген. Осылайша, 580 теңгенің ішімдігі,   2000 теңге шамасында бағаланыпты.

 

Ербол Байзақов:

-Арақтың 17 қорабы тәркіленді. Барлығы көлемі 0,5 литрлік 203 құты тәркіленді. Сонымен қатар 660 қақпақ,100 мың теңге анықталды.

 

Қазіргі уақытта факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Заңды аттап басқан тұлғаларға Әкімшілік кодекстің 214 бабына сәйкес 500 АЕК көлеміне дейінгі айыппұл белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, “Ұрлық” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Гүлмира Шоқтыбаева