Қоғам

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру

 

 

«Отан отбасынан басталады» демекші, кездесуге жиылғандар жастарымыздың бойында патриоттық сезімді дамытудың басты шарты, ол отбасылық құндылықтарды дәріптеу дейді. Жас ұрпақтың бойында жаңа отанүйгіштік қасиетті дамытуда ұлттық дәстүрлердің да алар орны маңызды болмақ.

 

Ділбара Бегалина, «Ұрпақ» қазақ мәдени- ағарту орталығының мүшесі:

– Қазақи дәстүрлерді сақтай отыра, яғни адамгершілік, қанағат, жақыныңа, көршіңе жамандық жасамау, шүкіршілік сынды құндылықтарды қайтадан өзіміздің ұрпағымыздың есіне салу, жандандыру.

 

Жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда жетекші партияның алар орны да ерек. Белсенді азаматтар басын бір арнаға тоғыстырған жастар ұйымдары өткен жылы бірталай мұқтаж жандарға көмек қолын созған.

 

Анастасия Попова, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі:

-Өткен жылы «Ардагерлерді ардақтайық» деген акция ұйымдастырып, 26 ҰОС ардагері мен мүгедек, қарт адамдарға көмектестік. Ағымдағы жылы 30 рет басымыз қосылып, тағы аға буын өкілдеріне шаруашылықта қолғабыс тигіздік. Бұл сауапты іс деп білеміз.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлтаралық татулық, бейбітшілік пен келісім – барша қазақстандықтарды бір мақсатқа ұйыстырып, ел бірлігін арттыруға бағытталған ең басты құндылығымыз деп атап өткен болатын. Ол «Мәңгілік ел» идеясында да көрініс тапқан.

 

Сағындық Салмұрзин, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы СҚОФ төрағасы:

-Түркі жазуымен жазылып шыққан «Мәңгілік ел» идеясы, қазіргі таңда «Қазақ елі» атты өзінің ерекшелігі, мәдениеті бар қағидаға айналып отыр.Ол бізге үлкен бағыт береді.

 

Тәуелсіздік алған жылдары еліміз қол жеткізген жетістіктің ең бастысы – ұлтаралық келісім. Онсыз тиімді экономика да, тұрақты мемлекет те құру мүмкін емес. Сондықтан патриоттық сезімді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру де маңызды.

 

Мағжан Ахмадина