Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы құрылымдарына несие алу күрделі мәселеге айналып отыр

 

 

Көктемгі дала жұмыстарына да санаулы күндер қалды. Сондықтан да ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне егін салу науқанын дер кезінде жүргізу үшін зайымдық қаражат керек. Бұл орайда   аграрийлерге ауылдық несиелік серіктестіктер үлкен көмек көрсетуде. Және жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылжар ауданындағы “Есіл” несиелік серіктестігі ЖШС 10 агроқұрылм өкілдеріне 100 млн теңге несие беріпті. Дегенмен де нәсиелендіру кезінде тез арада шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер де жоқ емес.

 

Шынар Біләлова, “Есіл” несиелік серіктестігі ЖШС төрайымы:

– Оларға өте көп анықтамалар, бірқатар құжаттарды да жинау қажет. Тағы да сол сияқты мемлекеттік органдарда, электрондық база жүйесінде ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі құралдары, объектілері дұрыс тіркелмеген.

 

Сондай-ақ, заемшылар нәсие алу үшін көп құжаттар жинақтайды. Және олардың өтініштері ұзақ қаралады. Бұл нәсиені дер кезінде алуға кедергі болуда. Ағымдағы жылы бюджеттік қаржыландырудың азаюына байланысты нәсиелендірудің ставкасы өскен.

 

Тұрар Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасы экономикалық мәселелер бойынша директордың орынбасары:

– Өткен жылы ақша республикалық бюджеттен бөлінетін. Ал, биылдан бастап, ұлттық қор қаржыландыратын болды. Сондықтан несиенің бағасы аздап өсті. Бірақ, аграрлық несие корпорациясының айтуынша, бұл несиелердің бағасы өткен жылғы бағамен бірдей болады.

 

Жалпы, өңірімізде 13 ауылдық несиелік серіктестік жұмыс істейді. Олардың құрамындағы 450 кәсіпкерге өткен жылы 4 миллиард теңге несие берілген. Ал, ағымдағы жылдың басында 470 млн теңгенің зайымы ресімделді.

Бану Ахметова