Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Петропавлдағы жолдардың жағдайымен танысты

 

 

Ең алдымен өңір жетекшісі Самат Ескендіров Аяған Шәжімбаев жәәне Свобода көшелерінің қиылысындағы жағдаймен танысты. Әкімнің блогына түскен шағымды дәл осы аудан тұрғындары жолдаған екен. Өңір басшысы жол құрылысына жауапты мамандармен кездесіп, проблемалы участоктарды аралады.

 

Биыл қаламыздың орталық көшелерінде ғана емес, сонымен қатар шеткі аудандарындағы жолдарда да ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Бұған алдағы уақытта қаржы қарастырылмақ.

 

Самат Ескендіров,СҚО әкімі:

– Қаланың орталығында ғана емес, шеткі аудандарында да жұмыстар жүргізіледі. Рабочий ауданында да жолдарды жөндеуге, тас жолдар төсеуге қаржы жұмсалады. Сондықтан биыл осы мәселелерді шешуге кірісеміз.

 

Өткен жылы облыс орталығындағы шұрық-тесік 8 шақырым жолдардың беті тегістеліп, қиыршық тас төселген екен. Бұл жұмыстарды биылғы жылы да жалғастыру қажет деді Самат Ескендіров. Әсіресе, 9 мамыр – жеңіс күні қарсаңында қала тазалығына қатысты барлық мәселелер өз шешімін табуы тиіс.

 

Мағжан Ахмадина