Қоғам

Елімізде келісім мен бірліктің нығаюына әзірбайжандар да үлес қосуда

 

 

«Жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір». Қазақстан халқы ассамблеясы бүгіндері елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жиып отыр. Олардың саны біздің өңірде жүзден асады. Барлығы да Қазақстанның көк туының астында тату-тәтті өмір сүруде. Солардың бірі-әзірбайжандар. Өңірдегі бұл ұлт өкілдерін біріктіретін орталық облысымызда 19 жыл бұрын құрылған болатын. Бүгінде әзірбайжан мәдени орталығын Тахир Гусейнов басқаруда. Оның мәдени бірлестікке жетекшілік еткеніне 4 жылға жақындаған. Жуырда өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті 21-ші сессиясына бұл орталықтың өкілдері де аттанбақ.

 

Тахир Гусейнов, “СҚО әзірбайжан мәдени орталығы” ҚБ төрағасы:

– Биылғы 21 сессия Елбасының “Қазақстан жолы-2050”: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы жарияланғаннан кейін өткелі отыр. Сондықтан ассамблея мүшелері осы құжаттағы көрсетілген негізгі бағыттарды әсіресе: тіл, дін, мәдениет сияқты әлеуметтік салаларды дамытуға үн қоса деген ойдамын.

 

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы “Бейбітшілік пен жарастық елі” атты экспозициялық залда әзірбайжан ұлтының мәдениетімен танысуға болады. Бұл арнайы бұрышта әзірбайжандық белсенділердің

жинаған материалдары ілінген. Ұлттық аспаптар мен киімдер. Әзірбайжан мәдени орталығына бас болған жетекшілердің фотосуреттері бар. Бұл бұрыш өткен жылдың соңында ашылыпты.

Сәуле Байтенова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:

-Бұл экспозиция арқылы мұражайға келген тұрғындар әзірбайжан халқының мәдениетімен және қысқаша тарихымен таныса алады. Сондықтан өзге мәдени орталықтарды да осындай бұрыштарды ашуға шақырамын.

 

Бүгінде облысымызда 2 мыңнан астам әзірбайжан ұлтының өкілі тұрады екен. Олар да еліміздің гүлденуіне өз үлестерін барынша қосып келеді.

 

Тахир Гусейнов,”СҚО әзірбайжан мәдени орталығы” ҚБ төрағасы:

-Бәріміздің ойымыз тек мемлекетіміз Қазақстанның күш- құдіретін көтеруге, нық мемлекет болып орналасуына бар күшімізді қосамыз. Елдігіміз, бірлігіміз, татулығымыз, достығымыз нығая берсін. Қазақстанымыз жасай берсін.

 

Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясына өңірімізден 22 делегат аттанады деп жоспарланып отыр.

 

Бану Ахметова