Денсаулық сақтау

Ұзақ өмір сүру әркімнің өз қолында

Республика бойынша соңғы жылдары онкологиялық аурулар жөнінен өңіріміз көш басында тұр. Обыр дерті скринингтік тексеріс барысында анықталуда. Бүгінгі таңда облыста онкологиялық науқастар есебінде 8 мыңнан астап адам тіркеуде тұр. Оның 1800-і былтыр анықталыпты.

Ал, туберкулез ауруына келетін болсақ облыста жағдай тұрақты. Соңғы жылдары бұл дертке шалдыққандардың саны 50 пайызға, өлім-жітім 2,5 пайызға кеміген. Жыл сайын республикалық бюджеттен облысқа туберкулезбен ауыратындарды емдеу үшін жарты млрд  теңгедей бөлінеді.

 

Павел Соболевский, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері:

– Облысымызда соңғы 6 жылда жағдай тұрақтанғанымен бұл мақтанарлық нәтиже емес. Өйткені 100 мың адамды тексерудің нәтижесінде оның 84,7 жағдайында осы дертке шалдыққандығы анықталып отыр. Ал,туберкулезбен ауыратын балалар 4 есе азайды. Бұл 4 жылдың көрсеткіші бойынша.

 

Еліміз жыл сайын сәуірдің 7-сі Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күнін атап өтеді. Бұл шарадан біздің өңірдің ақхалаттылары да қалыс қалмайды. Дәрігерлер қауіптті дерттердің соңы адам өліміне әкеп соғатындығынан тұрғындарды әрдайым құлағдар етіп отырады.

 

Мұрат Шахабаев, салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығының директоры:

– 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының аясында скринингтік тексеріс қолға алынған болатын. Сол уақыттан бері жыл сайын бізде осы шара үздіксіз жүргізіліп келеді. Өкініштісі әлі күнге дейін тұрғындар скринингтік тексерістің тиімділігін түсінбей отыр.

 

Өңіріміздің ақхалатты абзал жандары тұрғындарға өз денсаулығына немқұрайлық танытпай, скрингтік тексеруден өтуге кеңес береді. Ауруларды анықтауға арналған бұл шара тегін жүргізіледі.

 

Бану Ахметова