Мәдениет

“Ең ұзын құрт” бүлдіршіндерге ұнады

Облыстық қуыршақ театрында – кезекті премьера. Сахна іші балдырғандарға толы болды. Кішкентай көрермендерге, жазушы Анна Богачеваның “Ең ұзын құрт” атты ертегісі ұсынылды. Бүгін театр труппасы қойылым режиссері Елена Покраспен  спектакльге дайындықты соңғы рет пысықтады.

Қойылымға 6 әртіс жұмылдырылған. Ертегіде достық қарым-қатынастың маңыздылығы, олардың өмірдегі орны түсіндіріледі. Басты кейіпкер – кішкентай адам Аполлинарий Дормидонтович. Кейіпкер өзін құрт-құмырсқалардың арасында ғана бақытты сезінеді. Жалпы спектакль желісі жақсылық пен адалдықты насихаттайды.

 

Ольга Лабутина, актер:

– Аполлинарий Дормидонтович ол – өмірді жаңа ғана танып жатқан кішкентай адам. Жәндіктердің арасында достыққа, тәрбиелікке үйрене бастайды. Қойылым өте әдемі, әуенді, көркемді болып шықты. Сондықтан бүлдіршіндер ғана емес, ата-аналар да көре алады.

 

Бүлдіршіндер қойылым басталмас бұрын сайықмазақпен ойнап, қуанышқа бөленді. Ал билеп жүрген алып арыстандар, кішкентай көрермендердің жүрегіне жол тапты.

“Ең ұзын құрт” жайындағы ертегі балақайлардың көңілінен шықты. Олар қуыршақ театрындағы келесі қойылымды асыға күтуде.