Денсаулық сақтау

Денсаулық күні темекінің зиянына арналды

Жастайынан темекі шеге бастаған баланың ғұмыры 8 жылға қысқарады. Ресми деректерге көз жүгіртсек, әлемде әрбір 10 секунд сайын бір темекіге тәуелді адам көз жұмады екен. Мұның алдын алмасақ, арты соқпақты болуы мүмкін дейді ұйымдастырушылар. Олар қазір шараға жиылған оқушыларға ойын түрінде темекінің зияны жайлы көптеген мағлұмат берді.

 

Наталья Канюк, салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығындағы темекі тартуға қарсы орталығының меңгерушісі:

-Есірткінің адам ағзасына келтіретін орны толмас зиянын оқушыларға жеткізгіміз келеді. Мұндай шара балаларды жат қылықтардан сақтауға септеседі, қажетті ақпарат алуларына да мол мүмкіндік.

 

Оқушылар екі топқа бөлініп, мамандар дайындап келген сұрақтарға жауап берді. Бұл дертпен дамыған елдер де күресіп жатқандығы жайында слайд арқылы көріп, білді.

 

Ботагөз Сыздықова, Петропавл қаласы №24 орта мектептің оқушысы:

-Біздің мектепте салауатты өмір салтына қатысты сынып сағаттары, спорттық шаралар, зиянды заттарды қолданбау туралы іс-шаралар жиі өтіп тұрады.

 

Темекі тартуға қарсы орталық қызметкерлері осындай шараларды апта сайын өткізіп тұрады. Жастарға жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніңдер деп көп айтады.

Бірақ мұны қаперіне алып жатқандар некен-саяқ. Өйткені, кейбіреулерінің үйлерінде ата-аналары шылым шеккендіктен, оқушылар мұны проблема деп есептемейді екен.

 

Берік Қасен