Құқық қорғау органдары

“Бағдаршамда абай болыңыз!”

 

Өткен жылы ел бойынша әрбір 2-ші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Жыл басынан бері біздің өңірде 45 ЖКО-сы тіркелді. Салдарынан 7 адам апат орнында көз жұмды. 59-ы түрлі дене жарақатын алды. Соның ішінде 11 жаяу жүргінші жол ережесін бұзып, 1 адам мерт болды. Сондықтан тәртіп сақшылары жолдарда күшейтілген бақылау жүргізуде. Белгіленбеген жерден өтіп, жолды қысқартпақ болған жүргіншілер де жауапқа тартылуда.

 

-Қаламыздағы қалған бағдаршамдарға да секундты есептегіш құрылғылар орнатса деймін. Өйткені  жүргізушілер оны алыстан тез байқайды. Сонда ғана ол үлгермейтінін алдын ала біліп отырады.

 

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

-Бізде жол ережесін бұзған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырлған. Егер жаяу жүргінші жыл бойы жол ережесін екі рет бұзса, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Ал біз оны үшінші рет ұстап алсақ, азаматты 10 тәулікке қамауға алуға құқығымыз бар.

 

Жыл басынан бері жүргізушілердің кінәсінен 25 ЖКО тіркелді.

Салдарынан 2-уі сол жерде көз жұмды. 24-і зардап шекті. Бір қуантарлығы 3 айдың ішінде бала өлімі тіркелмепті. «Бағдаршамда абай бол» республикалық акциясы үстіміздегі айдың соңына дейін жалғаспақ.

 

Берік Қасен