МТРА жаңалықтары

Еуразиялық экономикалық одақ ел экономикасын жаңа деңгейге көтереді

Елбасы биылғы жолдауында ел экономикасының даму қарқынын арттыра түсуді тапсырды. Әлеуметтің әл-әуқатын жетілдіру ісінде алға адымдауды доғармай, заманауи амал-тәсілдер қарастырылуы шарт. Бәсекеге қабілетті болу үшін әлемнің озық деген елдерінің тәжірибесін болмысымызға сәйкестендіріп ендіру қажет. Бұл орайда жуық арада Еуразиялық экономикалық одақ құру міндеті қойылды.

 

Сейілхан Өміржан, СҚО М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы және несие кафедрасының аға оқытушысы:

– Кеден одағының бірыңғай экономикалық кеңістіке ауысуы, содан соң Еуразиялық экономикалық одаққа айналуы біздің халқымыздың көркеюіне әкеледі. Және біздің елдерімізді глобальді әлемде жетекші орынға апарады. Алда үлкен жұмыс тұр. Оның іске асуы ТМД аумағында еуразиялық интеграция ойларын іске асыруға көмектеседі.

Қос құрлықтың бірыңғай экономикалық кеңістігіне мықтап бекуде білікті мамандар қажет. Әсіресе экономикалық кәсіп иелеріне артылар жүк ауыр. СҚМУ жыл сайын жүзге тарта экономика бакалаврын даярлайды.

 

Сейілхан Өміржан, СҚО М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы және несие кафедрасының аға оқытушысы:

-Аймақтың қаржылық саласы дамып жатыр, әлі де өркендейді. Осыған байланысты 15 жыл бойы қаржы және несие кафедрасы жоғары білікті мамандарды даярлайды. Оларды оқыту әртүрлі экономика салаларының, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес орындалады.

Бүгінде СҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінде 1250 студент жоғары білім алып жатыр. Түлектердің дені нарықта өз орындарын табады.

 

Жеңіс Ермұқанов