Қоғам

Баспасөз хатшыларына арналған семинар

 

Ортақ істі қалай нәтижелі жүзеге асыруға болады? Бұл сұрақтың жауабын мемлекеттік органдар мен журналистер арнайы семинар барысында талқылады. Мұндай кездесулер облысымызда бұған дейін де өткізіліпті. Былтыр оларға облыс орталығындағы БАҚ өкілдері мен жергілікті атқамінерлер қатысса, бүгін ауданнан келген мамандар атсалысуда.

 

Зәуре Жұмалиева,«Әділ Арқа» өңірлік БАҚ қолдау орталығы» ҚҚ директоры:

– Ең басты мақсатымыз – мемлекеттік орган өкілдерін қажет сұхбаттарды дер кезінде беріп, уақытылы әрекет етуге үйрету. Біз жүйелі түрде қалай жұмыс істеу керектігін түсіндірудеміз.

 

Жиынға тақырып боларлық мәселелер жетерлік. Бүгіндері кей мемлекеттік органдардағы баспасөз хатшыларының жұмысы көңіл көншітпейді. Сондықтан тәжірибелі журналистер брифингтерді қалай ұйымдастырып, БАҚ өкілдерімен қарым- қатынасты қалай орнату қажетті туралы айтты.

 

Галина Воробьева, Қазақстанның құрметті журналисі:

-Брифинг және түрлі кездесулер журналистерге емес, ең бастысы мемлекеттік органдардың өздеріне қажет. Сондықтан баспасөз-мәслихаттарының тақырыбын таңдағанда оны қанық ете түсу керек. Ол журналиске ғана емес, оқырмандар мен көрермендерге де қызықты болуы шарт.

 

Баспасөз қызметінде шеттен келген адам жұмыс істемеуі тиіс. Ұйымдастырушылар ведомство басшыларына бұл қызметке журналистикадан хабары бар жанды алу керек деп кеңес берді.

 

Зәуре Жұмалиева, «Әділ Арқа» өңірлік БАҚ қолдау орталығы» ҚҚ директоры:

-Бұл қызметке журналистикаға қызығушылық танытатын адамды алу керек. Алынған маман жылдам, тез тіл таба білетін, жан-жақты білімді азамат болуы қажет.

 

Жалпы семинар тыңдаушылар көңілінен шықты.

 

Айжан Тілеубаева, Уәлиханов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы:

-Жақсы кездесу болды. Семинарда алынған ақпарат келешекте жұмыста керек болады. Көп ақпарат алдық.

 

Алдағы уақытта ұйымдастырушылар көшпелі отырыстар өткізуді қолға алмақ. Олар облысымыздың 4 ауданында өткізіледі.

 

Мағжан Ахмадина