Денсаулық сақтау

Созылмалы сырқатқа ұшыраған облыс тұрғындары аурудың 38 түрі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады

 

Диспансерлік есепте тұрған азаматтарға дәрі-дәрмек әрбір емханада орналасқан арнайы дәріханада беріледі. 1-ші қалалық емханадағы осындай бөлімге күніне 300-ге жуық адам келеді екен. Рецептің соңында кезек тудырмас үшін мұнда 3 бірдей фельдшер бөлмесі бар. Жалпы, мекеме мамандары облыс орталығының 60 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.

 

Сәбира Дайырова, №3 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары :

-Тегін дәрімен қамтамасыз етілетін адамдардың саны биылғы жылы – 14 мың 361 мың адам. Осы жылдың басынан бері 4 мыңдай адамға дәрі жазылды. 11 млн-дай ақша қамтылды.

 

Зейнеткер Рәзия Тұрсынова да бүгін өзіне қажет дәрілерін алуға келіпті. Әрбіреуінің құны кем дегенде 2 мың теңге. Оларды шамамен 2 ай сайын алып отыру керек екен. Тиісті дәрілер тегін берілмеген жағдайда, салмағы қалтаға ауыр болар еді дейді.

 

Рәзия Тұрсынова :

-Мен көздің сырқаты – глаукомамен есепте 10 жыл тұрмын. Одан эндокринолог пен терапевке қараламын, давлениемен. Көздің дәрісін өзім сатып аламын, ал өңгесі тегін.

 

Мамандардың айтуынша, глаукома диагнозы бойынша тегін дәрі беру қарастырылмаған екен. Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан тегін дәрімен қамтамасыз ету тәртібіне өзгерістер енгізілген.

 

Наталья Пакетова, СҚО денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

-Диспансерлік есептегі адамдар екі топқа бөлінген. Бұрын амбулаторлық емдеуге барлығы бірдей жүгінетін. Біріншісі бойынша белгілікті бір дәрілер қарастырылған. Екіншісін, әлеуметтік аз қамтылған азаматтар құрайды. Оған балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар кіреді. Оларға арналған қосымша дәрілер негізгі топқа берілмейді.

 

Өткен жылы облыс бойынша диспансерлік есепке тұрған азаматтардың саны 116 мыңды құраған.

 

Данаш Хамзина