Қоғам

“Кедергісіз болашақ”

 

“Кедергісіз болашақ” қайырымдылық шарасына Әлиханның ата-анасы келді. 4 жасар Әлихан Таласпай эпилепсия ауруына шалдыққан, сондықтан шұғыл түрде ота жасауды қажет етеді. Операцияны Германиядағы емханада жасау керек. Алайда баласын шетелде емдетуге ата ананың қаражаты жоқ. Сондықтан да көмек қолын созатын азаматтар жәрдем берсе екен дейді  Әлиханның анасы.

Бұл мәселеге “Нұр Отан” партиясы мен “Жас Отан” жастар қанаты бей-жай қарамайды. Олар тек Әлиханның еміне ақша жинап қоймай, басқа да науқас балаларға қол ұшын созуға әзір.

 

Мұса Танақұлов, “Жас Отан” ЖҚ атқарушы хатшысы:

-“Кедергісіз болашақ” акциясы 2 жыл қатарынан жұмыс жасап келеді. Қағаз қалдықтарын тапсыруда мемлекеттік органдар белсенді атсалысуда. Соның ішінде ең көп тапсырғаны Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімі.

 

Қағаз қалдықтарын жинау және қабылдауды “Карина” ЖШС өкілі Қайыржан Айсин қолға алған. Өткен жылы акция аясында қаладағы мекемелер мен мектептерден 35 тонна макулатура жиналған. Нәтижесінде 360 мың теңге қаржы қайырымдылық қорларына аударылды.

 

Қайыржан Айсин , “Карина” ЖШС өкілі:

-Қазір барлық жерлерде керексіз қағаздар жетерлік. Ниет білдірген азаматтар бізге келіп қағаз, кітаптарды тапсыра алады. Жақында аудандарға шығып макулатура қабылдауды бастамақпыз.

 

Қайырымдылық шарасы аясында 100 тонна қағаз қалдықтарын жинау көзделіп отыр. Ұйымдастырушылар акцияға солтүстікқазақстандықтардың белсенді атсалысатындығына сеніммен қарайды.

 

Бақыт Сәдуақасов