Мәдениет

Петропавлдық “Арай” би ұжымы халықаралық “Ақ көгершін” байқауында бас жүлдені еншіледі

Мына бұрымды қыздар ұлттық өнерді насихаттап жүрген “Арай” халықтық би ансамблі.1952 жылы құрылған би тобына бүгінгі күні Диляра Сабырова жетекшілік етеді. Әр сайыстарға қатысатын қыздар осы жолғы байқаудан да құр алақан қайтқан жоқ. Өнер додасында қазылар алқасының көздеріне ілігу бишілерге оңайға соқпапты. Олар дұрыс жол көрсеткен жетекшімізге алғыс айтамыз дейді.

Бишілер 2 номинация бойынша нөмірлерін ортаға салыпты. Алғашқысында “Аққу-Арай” биімен жұртты тамсандырса, екіншісінде “Ерке-сылқым” биін шебер орындған.

Диляра Сабырова , “Арай” халықтық би ансамблінің жетекшісі:

-Наурыздың 25-і Астана қаласында өткен “Ақ көгершін” фестивальінде өнер көрсеттік. Онда тәрбиеленішілерім биді шебер орындап, бас жүлдені жеңіп алды. Қарсыластарымыз да осал болған жоқ. Әсіресе Батыс пен Шығыс Қазақстаннан келген қатысушылар мықты бәсекелестік көрсетті.

 

Би ұжымы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қазір олар алдағы уақыттарда өтетін байқауларға дайындықтарын бастап кетті. Жас би ұжымына сәттілік тілейміз.

 

Бақыт Сәдуақасов