Құқық қорғау органдары

Өткен жылы есірткіге қатысты қылмыстар азайды

 

Ең алдымен журналистерге кинологиялық орталықтағы иттердің өнері көрсетілді. Қылмыстарды ашуда тәртіп сақшыларының сенімді серігіне айналған төртаяқтыларға біріншіден жәшіктердегі есірткіні анықтау қажет болды. Гуч есімді мына ит әлі жас. Не бары 10 айлық қана, десе де, одорологиялық бағытта жұмыс істейтін төбетке жасырылған затты табу қиынға соққан жоқ. Бұдан кейін Росси есімді ит өз өнерін түрлі кедергілерден өту барысында көрсетті.

Алаңда қаруланған топты құрықтау үшін Круз және Байкал есімді екі ит қолданылды. Сценарий бойынша қылмыскерлер толы машина құқық қорғау органдарының тоқта деген ескертуін елемей, әрі қарай өз қозғалысын жалғастырды. Ал неміс овчаркалары жүріп бара жатқан көлікке секіріп, қаскөйлерге тосқауыл болды.

Бұдан кейін БАҚ өкілдері 2012-16 жылдарға арналған ҚР нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің салалық бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Өткен жылы облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 116 қылмыс тіркеліпті. Бұл 2012  жылмен салыстырғанда 75-ке төмен. Соның ішінде улы затты сатудың – 42, контрабандаға қатысты 7 факті әшкереленген.

 

Думан Таев, СҚО ІІД басшысының бірінші орынбасары:

-Заңсыз айналымнан 133 кг-нан астам түрлі есірткі заттары алынды. Оның ішінде 4 кг героин.Өте ауыр қылмыс болып саналады. Біз алынған барлық заттарды жоямыз. Өтйкені ол канал арқылы әрі қарай Ресейге кетеді.

 

2013 жылы есірткіні пайдаланушы 155 адам анықталып, бақылауға алыныпты. Жалпы наркологиялық орталықта нашақор диагнозымен 761 адам есепте тұр. Олардың 46-сы әйел азаматтар болса, 14-і кәмелетке толмағандар. Есірткі затын тасымалдаушылар тауарды қаламызға алып өту үшін түрлі амал-тәсілдерді қолданады екен. Сондай қызықты фактілердің бірі- ағымдағы жылы тіркелген.

 

Думан Таев, СҚО ІІД басшысының бірінші орынбасары:

-Западный рубеж дейді. Сонда алдын ала ақпарат бойынша көлік тоқтатылды. Оның ішінде кір жуатын машина болған. Соның астында есірткі тығып өтпек болған қылмыскерлер ұсталды. Қазір іс қозғалды.

 

Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 33 қылмыс тіркелген. Оның 17-сі есірткі саудасына қатысты.

 

Мағжан Ахмадина