Денсаулық сақтау

Дәрігерлер шахматтан сайысты

 

Петропавл қаласында тұңғыш рет ақ халаттылар арасында шахматтан спартакиада өтті. Бұл сайысқа қаламыздың 13 емдеу мекемесінің өкілдері қатысты.

 

Жанат Мұхаметгалеев, Петропавл қаласының дене шынықтыру бөлімінің бас маманы:

-Бүгін шахмат ойынынан жарыс өтіп жатыр. Бұдан басқа, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шаңғы және тағы басқа спорт түрлері жоспарда бар. Әр команда екі адамнан құралған.

 

Ақтық сынға дейін алқынбай жеткен облыстық балалар ауруханасындағы лор бөлімінің меңгерушісі Абзал Бөлекбаев қарсыластарына дес бермей, айқын жеңіске қол жеткізді.

Татьяна Сайкина байрақты додаларда мүмкіндігін сынаған емес. Тек қана шахматты қолы босағанда достарымен ойнайды екен. Бұл жолы нәзік жанды мүмкіндігін әріптестерінің арасында сынап көрмекке бел байлаған.

 

Татьяна Сайкина, СҚО бойынша ЖИТС-тің күрес және алдын алу әдістемелік бөлімінің меңгерушісі:

– Мені әкем шахмат ойынына 1, 2 сыныптарда үйреткен еді. сауықтыру лагеріне барған кезде мектеп атынан түрлі сайыстырға катысатынмын. Бұл ала тақта ойынына деген құмарлығымды арттырды, ойлау қабілетімнің артуына септесті.

 

Спартакиада барысында  ойыншылар бір бірімен танысып, шахмат жайында өз ойларымен бөлісті. Енді ақ халаттылар келесі сайысты күтуде.