Қоғам

Болашақ судьялар іріктеуден өтіп жатыр

 

 

Судьялыққа үміткерлердің қобалжып тұрғандарын сырт көзбен байқау қиын емес. Көбі қоғамдық кеңес алдына алғаш рет кіріп отырған жоқ. Жауапты қызметке таңдау тәртібі қатал. Кеңес мүшелері жеке ісін мұқият тексереді.

Облыстық сот жанындағы қоғамдық кеңес 2012 жылдың мамырында құрылған. Оған өңіріміздің бетке ұстар беделді де белсенді азаматтары мүшелік етеді. Саяси қызметшілер мен халық қалаулылары кандидаттарға түрлі сұрақтар қойды.

 

Серік Темірбеков, СҚО сотының кеңсе басшысының орынбасары:

– Шынымен психологиялық тұрғыдан өте ауыр жүк. Жауапты қызметке лайықты адам болуымыз керек. Өйткені көптің тағдыры судьялардың қолында. Сондықтан өте әділ маман болуға тырысамыз.

 

Кеңес мүшелері 10 үміткерді судьялыққа лайық деген ұсыныс жасайтын болды. Бір кандидаттың өтініші мақұлданбады. Сыннан сүрінбей өткендері енді біліктіліктерін Жоғарғы сотта дәлелдеуі керек.

 

Жеңіс Ермұқанов