Билік

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

 

Ерлан Аукенов бұл қызметке ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен тағайындалды. Ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген, “Болашақ” бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Бредфорд университетінде менеджер мамандығын меңгерген. Мемлекеттік саясат магистрі.

 

Самат Ескендіров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Ерлан Аукеновтің коммерциялық ұйымдар мен үкіметтік емес секторда жұмыс істеу бойынша айтарлықтай тәжірибесі бар. “Самғау” Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінде активтерді басқару жөніндегі департамент директорының орынбасары, Білім және ғылыми министрінің көмекшісі, кейін осы ведомство департаментінің директоры болып еңбек етті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында жетекшілік қызмет етті. 2011 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып жұмыс атқарған.

 

Самат Ескендіров жаңа орынбасарына өңірде жетекшілік ететін мәселелерді атап өтті.

 

Самат Ескендіров, Солтүстік Қазақстан облсының әкімі:

-Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жаңа технологиялар, сауда, сыртқы экономикалық байланыс, шекаралық әріптестік, жер қойнауын пайдалану мен жер байлығын қорғау және туризм салаларына жетекшілік ету қажет.

 

Бұдан кейін Самат Ескендіров өзекті деген мәселелер бойынша бірнеше басқарма басшыларын тұрғызып, жалпы жағдайды сұрады. Осы орайда монополияға қарсы инспекция жетекшісі Арман Өтегенов жарма өнімдері құнының өскенін, ұн мен домофондарға қатысты тергеудің жуық арада аяқталатынын баяндады. Самат Ескендіров баға жағдайын қатаң бақылауды тапсырды.

 

Данаш Хамзина