Кеден

Кеденшілер мен полицейлердің бірлескен шарасы

 

Рөлде отырған жас жігіттер – Қазақстан азаматтары. Олар машинаны сенімхат бойынша жүргізіп, Кеден одағы заңнамасын бұзған. Көрші елде рәсімделген бұл құжаттың Қазақстан жерінде күші жоқ. Көбі бұдан бейхабар дейді кеденшілер. Бірақ, заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жыл басынан тіркелген алғашқы факті. Мамандар алдағы уақытта көлік көп шоғырланған базарлар мен тұрақтарды да араламақшы.

 

Елена Белоус, СҚО кедендік бақылау департаменті контрабандаға қарсы күрес басқармасының бас маманы:

-Аталған азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 430-шы бабы 1-ші тармағына сәйкес 5-тен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

 

Данаш Хамзина