Мәдениет

Этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 сессиясына қатысуға дайындалуда

 

 

Қазақстан халқы ассамблеясы- еліміздегі ұлтаралық келісімнің кепілі. Бұл 21-ші сессияға өңірімізден баратын делегаттардың пікірі. Солтүстік Қазақстан республикадағы көпұлтты аймақтардың бірі. Бүгіндері теріскейке 100-ден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрмыс кешуде. Солардың бірі – Евгений Хан төрағалық ететін «Қазақстан кәрістері қауымдастығының» облыстық филиалы. Қазір оның қарамағында 500-ге тарта азамат бар. Евгений Викторович бұл орталықты 13 жылдан астам уақыт басқарады. Сондықтан ол қазіргі кезде кей елдерде болып жатқан ұлтаралық алауыздық мемлекетімізде ғана бар ассамблея сияқты институттың жоқтығынан дейді.

 

Евгений Хан-, «Қазақстан кәрістері қауымдастығының» облыстық филиалының төрағасы:

-Украинада болып жатқан соңғы оқиғалар ол ішінара келіспеушіліктен туындаған. Өйткені өзге елдерде сондай алауыздықтың алдын алып отыратын орган жоқ. Біздегі ассамблеяның рөлі күшейе түспек. Тұрақтылықты нығайту жөнінде жұмыстар ылғи ұйымдастырылып отырады. Ол экономиканың, тұтастай ел дамуының кепілі.

 

Евгений Хан Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясына бірінші рет барғалы отырған жоқ. Қазақстанда туып-өскен ол, қазіргі күні еліміздегі келісім мен татулықты мақтан тұтады.

 

Евгений Хан, «Қазақстан кәрістері қауымдастығының» облыстық филиалының төрағасы:

-Біз барлық этномәдени орталықтармен достық қарым-қатынас орнатқанбыз. Кез келген іс-шараға белсенді қатысып, елімізде тұратын халықтардың татулығын паш етуге тырысамыз. Жалпы мұндай шаралар достығымызды одан әрі нығайтуға септеседі.

 

Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессияның тақырыбы «Қазақстан-2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті»деп аталады. Аталмыш жиынға өңірімізден 22 делегат аттанбақ.

 

Мағжан Ахмадина