Мәдениет

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

 

 

Ақпараттық технология дамыған заманда балаларды кітап оқуға тарту үнемі жаңа ізденістерді талап етеді. Кітапхана ұжымы бүлдіршіндердің әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру үшін ертегілердегі кейіпкерлерге айналған. Оларды қалалық мектеп оқушылары қуана қарсы алды.

 

Майра Мақышева, облыстық Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының “Ұлттық әдебиет” бөлімінің басшысы:

 

Бүгін біздің кітапханамызда үлкен мереке өтіп жатыр. Балаларға арнап кітаптар апталығын өткізіп жатырмыз. Бұл мереке дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Іс-шараның басты мақсаты, балалардың кітапқа деген ынтасын арттыру және кітапты жай ғана оқып қоймай, оны түсініп оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.

 

Оқушылар бір ғана сәтке «1001 түн» ертегісінің басты кейіпкері Сүлеймен Сұлтанмен саяхатқа барып, көңіл көтеріп, қуанышқа бөленді. Оқушылар қиялдарындағы кейіпкерлермен бір сәтке болса да жақындасты.

 

Ева Нетесова, “БЭСТ” гимназиясының оқушысы:

-Маған кітап оқу өте ұнайды. Себебі кітаптары қызықты. Менің ең сүйікті кітабым “Тошка” деп аталады, осы кітап арқылы жануарлар туралы білім аламын.

 

Кітаптар мерекесіне қатысқан белсенді оқушылар түрлі сыйлықтарға ие болды. Олар енді кітапханаға жиі келіп тұрамыз дейді.

Сағыныш Марқашева